Болгария астанасы Софияда өткен бокстан «Странджа» кубогы мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Турнирде қазақстандық боксшылар үш медаль иеленді.
67 келіде Дулат Бекбауов финалда үндістандық былғары қолғап иесі Раджатты жеңіп, чемпион атанды.
51 келідегі Санжар Тәшкенбай үндістандық Амит Пангалдан ұтылып, күмісті қанағат тұтты.
Ал 80 келідегі Тұрсынбай Құлахмет қола медальға ие болды.