Әңгімесін «Біздің дәуірі­мізде» деп бастайтын аға буын өкілдерінің сөзіне мән берсек, тура бір арада ғасыр­ға жуық уақыт өтіп кеткендей. Олардың дәуірі мен қазіргі уа­қыттың арасында айтар­лық­тай айырмашылық бар екені рас.
Субмәдениет ақиқаттан қашу емес, ерекшелену
981
оқылды

Жаһандану зама­нын­да ұлттық дәстүріміз суб­мәдениетке жұтылып кетпей ме деген сұрақ үлкендерді алаңдатса керек. Стиль, сән қуған жастардың талғамына талас жоқ десекте, келешекте талас тудырмаған дүниенің жағымсыз тұсы байқалып қалмас па екен? 

«Бұл – менің басқалардан ерекшелігім ғана»

«Заманына қарай адамы». Өздерін «ерекше адамбыз» деп санайтын субмәдениеттің түрлі тобы да, өкілі де бар. Кей жастар­дың таңдайын қақтырып, керек десеңіз, басын шыр көбелек ай­нал­дырып жіберген «кью попты» бәрі­міз біліп те қалдық. Корея елі­­нен жеткен бұл субмәдениет қо­ғамда екіұшты пікір туғызды. Бірі жақ­таса, екіншілері даттайды. Бірінші бағытты қолдайтын Назым «шаш­ты бояп, түрленіп сала беру – заман талабына сай адам болу» деп са­найды. Өзін заманауи адамдар қа­тарынан көргісі келетін Назымның бүгінгі сыртқы көрінісі жұрт наза­рына бірден түседі. 

«Не киіп, қалай жүреміз – бұл бірінші кезекте өзіміздің таңдауы­мыз. Әуел баста мені көргенде үл­кен кісілер тіксіне қарайтын. Қа­зір көпшіліктің көзі үйреніп келе жатқандай. Субмәдениет – за­ма­науи стиль. Жақында амери­калық кино көрдім, кейіпкерінің шаш үлгісі тым ерекше, сол сияқты мен де шашымның оң бөлігін көк, сол бөлігін қызылға боядым. Ал қас пен мұрынға таққан сырғала­рым менің заманауи адам екенімді көрсетіп тұрады деп ойлаймын. Басында маған таңғалып, тіпті ұнатпай пікір білдіргендер де бол­ды, бірақ достарымның стилі – аниме, менікі – пирсинг. Бұл екеуі аздап бір-біріне ұқсайды. Бұл жа­ғынан біз бір-бірімізді үнемі қол­дап жүреміз. Бұл стилім – менің басқа­ларға ұқсамайтынымның, миымда да шектеу жоқ екенінің дәлелі деп білемін. Заман талабына сай, адам­дар өздерінің ішкі жан дүниесін сыртқа шығарғысы ке­леді. Кей адам­дарға ол ұнайды, кейбіріне ұна­майды. Бес саусақ бірдей емес, сон­дықтан бәріне бірдей ұнау мүм­кін емес», – дейді Назым Бердібек.

Жастар жаһандық мәдениетте қайнап жатыр

Қазір өзгеге еліктеу үрдісі әлі де бәсеңдемей тұр. Керісінше, түрлі субмәдениет өкілінің қатары күн сайын артып барады. Өзгеге еліктеу мәселесіне азды-көпті қа­дағалау керек дегенді алға тартқан әлеуметтанушы Ақмарал Әлімбе­то­ва субмәдениеттің қо­ғам­ға кері әсері жоқ екенін де айтты.

«Қазір жастар арасында неге субмәдениет көп? Бұл сұрақ әр­қай­сысымызды мазалайды. Енді салыстырайық, бұрынғы жастар отандық мәдениет төңірегінде әлеу­меттенетін еді. Қазіргі жастар бүкіл жаһан мәдениетінің ішінде қайнап жатыр. Қай уақытта да өз ортасының ішінде ерекшеленгісі келетіндер бар. Неге біздің дәс­түр­лі мәдениет жастардың құнды­лық­тарын қанағаттандыра алмайды? Мысалы, ғалымдардың айтуынша, жастардың арасында аутсайдер се­зімі олардың субмәдениетке кіруі­не алып келеді екен. Аутсай­дер деген – өз ортасы түсінбеген­діктен, өзге топқа ауысу. Ал аут­сайдердің себебін жою үшін мем­лекеттің көмегі керек. Мем­лекет тарапынан жастар саясатын теория­лық түрінде ғана емес, прак­тикалық түрде де жүргізілуі керек. Жастар саясатының негізгі функциясы ретінде былай айтады: «жастардың әлеуметтік, рухани, физикалық дамуына барлық жағ­дай жасауымыз керек». Жаһандану субмәдениетінің бір кемшілігі, ол жастарды индивидтік тұрғыдан ғана тәрбиелейді. Біз ұлт мәселе­сі­не дұрыс назар аударып жатқа­ны­мыз жоқ. Субмәдениет – шын­дықтан қашу емес, ерекшелену. Дегенмен әлеуметтанушылар оны тұйық ұйым ретінде қарастыра алмайды. Оларға демократизм тән. Жастар арасындағы субмә­де­ниет хаостық құбылыс емес. Әлеу­мет­тік орта өз­герген сайын субмә­дениеттің де құрылымы өзгеріп отырады», – дейді әлеуметтанушы. 

Маманның айтуынша, қазір көпті алаңдатып жүрген жат мәде­ниеттің дәстүрімізге сіңе бастауы қоғам үшін қауіпті емес. Егер суб­мә­дениет контрмәдениетке айна­ла­­тын болса, ол нағыз қоғамға қауіп­ті мәдениет. Контрмәдениет деп отыр­ғанымыз – қоғамы қа­лып­тас­қан дәстүрлі мәдениетке қарсы ке­ле­тін мәдениеттің түрі, дәстүрлі мә­дениетті, қоғамның тұрақты­лығын бұзады. 

Ұлттық болмысты жоғалтып алмас үшін не қажет?

Жаһандану заманында жұты­лып, субмәдениетке ұтылып кет­пей, ұлттық болмысымыз бен дәс­­түрлі мәдениетімізді басқамен алмастырудың орнына, керісінше, қайта жаңғырту үшін не істей аламыз деген сұрақ төңірегінде фи­лология ғылымдарының Гүл­мира Қайсарқызының пікірін білдік.

«Жастар субмәдениеті проб­ле­масын анықтау үшін, ең ал­дымен, «жастар» деген түсінікті қарастыру керек, яғни жастардың басқа топ­тардан айырма­шы­лығын, жас­тар­дың жеке қасиет­тері мен құнды­лықтарымен та­нысу қажет. Қазіргі жаһандану заманында елімізде жастардың өз орнын тауып, жеке әлеуметтік топ болып, дұрыс ба­ғыт­та дамуы қиынға соғуда. Бола­шақ иесі жастар болғандықтан, ең алды­мен, қоғамдағы түрлі субмә­дениеттердің қоғамға пайдасы мен зиянын анықтамағанша, қоғам­дағы рөлін бекітпегенше қарас­тыр­ған мәселенің өзектілігі жойыл­­­­майды. 

Екіншіден, субмәдениет қо­ғамның көптеген аспектісіне, оның ішінде қоғам тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Мысалы, ради­калды бағыттағы бейформал бір­лестіктер саясаттағы көзқарастарға қарсы пікірде болған жағдайда, қо­ғамда әртүрлі тәртіпсіздік, ми­тинг ұйымдастырып, инфрақұры­лымды қалыптан шығаруы мүм­кін, сондықтан қоғамдық орта­ларда саяси, әлеуметтік және бас­­­қа жағдайлар шарықтаған жағ­­­дайда субмәдениет топтары­ның іс-әрекетін болжау және ақ­параттандырылуы үшін субмә­де­ниет түрлері мен типтерін қарас­тыру маңызды болып табылады. 

Үшіншіден, дәл қазiр жастар саясаты енді жөнге қойылып келеді. Жастар ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ. Сон­дық­тан осындай субмәдениеттерді қадағалайтын органдардың, заң­дардың ашылуы біздің елге қажет боғандықтан, жастардың болашақ өміріне кедергі келтіре­тін, қоғамға зияны тиетін субмә­дениеттерді қадағалау мәселесі маңызды болып табылады», – дейді фило­логия ғылымдарының докторы Гүлмира Қайсарқызы. 

Оның айтуынша, жастардың субмәдениетке келуі олардың тіке­лей психологиялық ерекшелігімен байланысты. 

«Ата-аналары мен мектеп та­­ра­пынан болатын бақы­лау­лардан босауға деген ұм­ты­лыстан, эмо­цияға аса беріл­гіш­тіктен, жас­өс­пірімдік әсіре­леу­шіліктен, өмір­ге қатысты ойла­ры­ның тым мін­­сіз­дігінен, адам­гер­шілік ұс­та­ным­дарының тұ­рақ­сызды­ғынан, жеке адами құн­ды­лықтарының қалып­тас­пауынан жаңа мәде­ниет­ті оңай әрі тез бойына сіңіріп алады», – дейді Г.Қайсарқызы.

Елдегі субмәдениетке ауыз толтырып айтатын мысалдар көп-ақ. Оған куә болып жүргендер же­­терлік. Біздің елді де өз кезегінде бір шарпып өткен өтпелі мәдениет бір шаңырақ астындағы жастардың бойында мәңгілікке қалып қой­маса игі.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ