Жаңа оқу жылы басталысымен көңілі үміт пен күдікке толы мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-дан жоғары балл жинау үшін ақылы курстар мен марафон түрлерін қарастыра бастайды.
UNAI ҰБТ-ға дайындайды
1,943
оқылды

Дегенмен ақылы курстар құны көптің қалтасын көтере бермейді. Ал алматылық студент Нұрдәулет Байханов ойлап тапқан UNAI мобильді қосымшасы бұл мәселені оңтайлы шешуге көмектеседі. Оның су жаңа жобасы кез келген сыныпта оқитын мектеп оқушысының өз білімін тегін сынап көруіне мүмкіндік береді.

UNAI деп аталатын қо­­­сымша Нұр­­дәулеттің ал­ғаш­­­қы ойлап тап­­­қан жо­­­басы емес. Қазір мар­кетинг сала­­­сын қатар алып жүрген да­­рын­­­ды студент осы уақытқа дейін өзін бірнеше жобада сынап көрген.

– Біз 11-сынып оқу­­­­шы­­лары үшін көптеген курс жасадық. Ке­­­йіннен бұл курс­­тар оқушылар үшін қол­­­жетімсіз екенін түсіндік. Се­­­­­­­­­­­бе­­­­­­­­­бі олардың бағасы қым­­бат немесе курс­­­­­ты қалай алу керек екенін біле бер­­­­­мейді. Оқушы­­­­лардың қалта­­­­­сын­­да қомақты қаражат болмайды ғой. Ақша болған күннің өзінде аз кө­­­­лемде болуы мүм­­­­­­­­­­­кін. Өзім де ке­­зін­­­­де оқу­­шы болғандықтан, бұл жағ­­­дайды басымнан өткер­­­дім. Сон­­­дықтан мек­­теп бітіруші түлек­­­тердің жағ­­да­­­йы­­­­мен жақсы таныс­­­пын. Нәтиже­­сінде, біз ата-ана­­­лар­­дың қал­­­­тасына ауырлық салмас үшін әрбір оқушы кез кел­­ген уа­қытта ҰБТ-ға те­гін да­­­йын­­­да­­­­ла­­­тын қосым­шаны іске қостық, – дейді жоба ав­­торы.

UNAI қосымшасының ең тиім­­ді тұстарының бірі – оқушы емти­­ханға жеке да­­­йын­­далып қана қой­­май, топпен жарыса отырып білім деңгейін анықтай алады. Бағдар­­­ла­мадағы сұрақтар әркез жаңар­­­­­­­тылып отырады. Мәселен, биыл 2023 жылы ҰБТ-да келген емтихан сұ­­­рақтары қосылады. Нұр­­­дәулет оқу­­­­шылар үшін ма­ңызы зор қо­­сым­­­шаны жа­сауға аз уақыт жұмсал­ма­­­ға­нын ай­­­тады.

– UNAI бағдарламасын іске асыруға бір жарым жыл уақыт кет­­­ті. Жоба ав­­­тор­­­­ла­­ры­ның бірі осы салада тәжі­­­рибесі мол кәсіпкер әрі мұ­ғалім – Әділет Имашев. Бұл – коман­­­да­лық жұмыстың нәтиже­­­сінде жарық көрген жоба. IT ма­­­­мандары және оқу­шыларды ҰБТ-ға дайын­­­дайтын мұғалімдермен бір­ле­се отырып осы қосым­шаны толық­­тай құрастыр­­дық. Басында техни­калық ақау тұрғысынан қиын­­­­­­­­­­­­­дық­­тар туында­ғаны рас. Алай­­­­­­­да қазір жобаны жан-жақты қарасты­рып, ақау­­­­ларды қай­­та ретке кел­тір­дік. Қосым­шаның unai.kz деп ата­­­­­латын Instagram және TikTok п­­­­­рақша­­­­ла­рында бағ­­­дар­­ла­маны қа­лай қол­­дану қажет еке­­­­ні жайлы толық нұс­­­­­­­­қаулық көр­­се­­­тіл­ген. Егер оқу­­­шы қо­­­­сым­­­шаға мүл­­­­дем кіре ал­­­­­маған жағ­­­­дайда біз­дің күні бойы жұмыс іс­тей­­тін бай­­­­ла­­ныс қызме­тімізге ха­­бар­­­­­­­­ла­­­­­са ала­­­ды, – дейді сту­­­­дент. 

Бағдарламаны кез келген қа­­зақ­­­­стандық Play Market және App Store қо­­сымшасы арқылы жүк­­теп алуға мүм­­­­кіндік қарасты­­­рыл­ған. Тіпті, әлем­­нің өзге түкпі­­­рін­де жү­­­ріп-ақ UNAI-мен ҰБТ сұ­рақ­тары­на дайындалуға болады. Тағы бір оңтайлы тұсы – баланың қай са­­бақтан деңгейі төмен, керісінше қай пәннен білімі жақсы екені ар­­­­­найы көрсеткішпен ұсы­нылып отырады. Осы тұста жоба авторы­­нан қосымша­­ның негізгі функ­­­циялары мен бағдарламаны әзірлеу барысында қандай артық­шы­­­­­лық­­­тарға сүйенгені тура­­сында сұрап көрдік.

– Қосымшаның басты функ­­­­­циясы – оқушының кезеңдерін, анализдерін са­раптап, барлық ма­ңызды ақпаратты көрсетіп отыра­­­ды. Онымен қоса, оқу­­шы ем­­­­­­­­­­­­­тихан­­ға жеке өзі немесе досымен бірге дайындық жүргізе алады. Расында, еш­кім ҰБТ-ға дейін өзінің қан­ша балл жинайтынын біл­­мейді. Қо­­­­­сымша арқылы жеке оқу­­­шы немесе 12 адам­­нан тұратын топ турнирге қатысып, бір-бірімен жарыса ала­­­ды. Осының арқа­сында көрсеткіші төмен болған оқушы ҰБТ-ға да­­­­йын­­­дықты үдетеді. UNAI-дан өзі­­­не қа­­­жетті толық ақпа­­ратты жи­­­­­­­­­­найды. Қосымшада бе­­­­рілген кейбір сұ­­­рақтардың жауабын біл­­­­месе, кі­таптан ақтарып іздей бастайды, – дейді Нұрдәулет.

Нұрдәулет сөз соңында биыл 100 мың оқушы ҰБТ-ға осы бағ­дарлама негізінде дайындық жүр­­­гізгенін қа­­лай­тынын жеткізді.

– Біз жасаған жоба кез келген сала­­дағы болашақ маман иесіне пай­­­­дасын ти­­­­гізетін қосымша бол­са екен дейміз. Бағдарлама арқы­лы оқушы өзінің осал тұс­тарын тауып, дайын­­­­дықты қайта кү­­­шейтсе, ҰБТ нәтижесінде грант же­­­ңіп алса, универ­­­ситетте төрт жыл бойы білім алып, мықты ма­­ман иесі атанса бі­­лім іргетасының қалануына біз­­­дің де үлес қос­­­­қа­­нымыз деп білеміз. Қазірдің өзінде коман­да­­лармен ашық жұмыс іс­­теуге дайынбыз. Себебі бірлесе жұ­­­мыс істеп, күш бі­ріктіру арқылы ғана біз үлкен же­­тістіктерді бағын­­дыра ала­­­­мыз, – дейді та­­лапты жас.

Студент алдағы уақытта оқу­­шы­­ларға арналған жо­­­бамен шек­­теліп қал­­­мақ емес. Нұрдәулет қазір спорт­­­­­­­пен айна­­лысатындар үшін ұтым­ды болатын ке­зекті жоба әзір­­­­леніп жат­­қанын ай­тады.

– Мәселен, сіз теннис ой­­­на­­ғыңыз келеді немесе ер адамдар футболға барады. Бүгінде бос тұр­ған спорт зал­дарын табу қиын. Әркез табыла бермейді. Ал біз ұсы­­­натын жобада спортзалдың атаулары, бағасы анық көр­сетіліп тұрады. Яғни, бағ­­­дарлама арқылы сіз орын­­­­­­­­­­­­­ды алдын ала брондай аласыз. Өзіміз спортзалға көпшілік болып барған кез­дері орын таба алмай қала­­­­­мыз. Сон­­­дықтан алдағы уақытта жа­­­­рық көретін жоба осы мә­­­селенің алдын алуға көмек­­­теседі деп ойлай­­­мын, – дейді жоба негізін қалаушы Нұр­­­дәулет Бай­ханов.

Нұрдәулет болашақта әлемдік проб­­лемаларды ше­шуге атса­­лы­­сатын өзекті жо­­­­баларды жүзеге асыр­­ғысы келеді. Маркетинг сала­­­­сын­да бес жыл­­дан аса жұмыс істеп келе жатқан кейіп­­­ке­ріміз кәсіпкер мен сатып алу­шы арасында көпір бо­лып, оларға тұрақты табыс әке­­­лу арқылы үлес қосуды мақ­сат тұтады.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы