Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының үш өкілі жүлдеге ие болды.
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында тағы алтын медаль алды
Фото: Олимпиадалық комитет
2,736
оқылды

Тегеранда (Иран) жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының үш өкілі жүлдеге ие болды.

Елизавета Матвеева жеңіс тұғырына көтерілді. Ол биіктікке секіруде 1,86 нәтиже көрсетіп, үздік атанды. 

Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруде екінші келді. Финалда ол 7.45-те жүгірді. Мария Ефремова үш қарғып секіруден үшінші орын алды – 13,48. 

Айта кетейік, бұған дейін Давид Ефремов (60 метрге кедергілермен жүгіру) алтын медаль алған болатын.