Финалда еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен польшалық Ига Швентек кездесті.
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасынан жеңіліп қалды
Фото: ktf.kz
945
оқылды

WTA 1000 санатына жататын Qatar TotalEnergies Open турнирі мәресіне жетті. 

Финалда еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен польшалық Ига Швентек кездесті.

Өкінішке қарай, екі сет қорытындысы бойынша жерлесіміз қарсыласына жол берді – 7:6, 6:2. Матч 2 сағат 15 минутқа созылды, – деп жазды basSport.kz.

Бұл Рыбакинаның карьерасындағы төртінші «мыңдық» финал.