IX қысқы Азия ойындары 2025 жылы 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.
IX қысқы Азия ойындары қай қалада өтетіні белгілі болды
Фото: gov.kz
1,107
оқылды

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Сары құрлықтың келесі ақ Олимпия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.

Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді.  IX бәсекенің ұраны:«Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ. 

Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.