Премьер-лига чемпионы атағы үшін биыл республиканың 13 өңірінен 14 клуб таласады.
Қазақстан премьер-лигасының күнтізбесі жарияланды
Фото: bassport.kz
2,081
оқылды

1 наурызда премьер-лиганың 33-ші маусымы басталады: ойын күнтізбесі белгілі. Футболдан Қазақстан чемпионаты 2024 жылдың 1 наурызы мен 10 қарашасы аралығында өтеді, деп хабарлайды Aikyn.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасап.

Көптеген ойындар дәстүрлі түрде демалыс күндерге жоспарланған. Маусымның алғашқы ойыны еліміздің жеті дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған «Жеңіс» арасындағы көптен күткен елордалық дербиімен ашылады. Сонымен қатар, бірінші турда ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Шымкенттік клуб өз стадионында қарағандылық команданы жеңіп, тарихтағы алғаш чемпиондығына қол жеткізген еді.

Премьер-лига чемпионы атағы үшін биыл республиканың 13 өңірінен 14 клуб таласады: «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер». Ойындарды «Qazsport», «Qsport» және жаңа «Qfootball» телеарналары тікелей эфирде ұсынатын болады.

Әзірше алғашқы алты турдағы ойындардың басталу уақыты белгілі, ал қалған турлардағы кездесулердің басталу уақыты туралы ақпарат кейінірек жарияланады. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстанда бірыңғай уақыт белгіленеді.