Биыл Жетісу облысында мәслихаттың шешімімен бірқатар елді мекеннің Кеңестер Одағынан бері сіресіп тұрған санаға жат атаулары ауыстырылды.
Жұматай жоқ, жоңғар бар
1,407
оқылды

Талдықорған қаласында да ықшамаудандар мен көшелер жаңа атауларға ие болды. Алайда жұрт күткен біраз өзгеріс жүзеге аспады. Соның бірі – облыс орталығындағы орталық көшелермен жарыса, жағаласа орналасқан Жоңғар атты шолақ көшенің сол бойында қалғаны.

Талдықорған қаласындағы қоғам бел­­­­сенділерінің қозғауымен журналистер ара­­­ласып, дабыл қаққанымен, мәселе сол бо­­­­­йында қозғаусыз қалды. Осыдан біраз жыл бұрын облыстағы шағын қалалардың бірінің әкімі халық алдында есеп бергенде тұр­­­ғындар тарапынан: «Қалалық кітапхананың тұрақ таппай, ақыры жертөлеге тығылып отырғаны қалай?» деп сұрақ қойылғанда ешбір саспас­­­­тан: «Бізде кітапхана бар ма еді?» деп қайтара сұрақ қойып, жауап қат­­­­қанын естіп, жаға­­­­­мызды ұстаған едік. Әлде бір жылда үш лауа­­­­зым ауыстырып, үшін­­­­шісінде Талды­­­қорғанға әкім болған Ернат Бәзіл мырза мен осындай қалың ел назар аударып отырған ерсілеу жағ­­дайларға дер кезінде назар аударып, тиісті орын­дарға талап қоюға тиісті депу­­таттар мен қоғамдық кеңестегілер облыс орталығының ортасында Жоңғар атауындағы көшенің ойып тұрып орналасқанын білмей ме? 

Жалпы, Жетісу облысында Жоңғар атауы­­­ның жұртқа да, билікке де еш өкпесі жоқ. Қазақ­­­­­­тың айбары сынды асқар Ала­­­­таудың осы облыс арқылы өтетін сілемдерін «Жоңғар Алатауы» деп жалаулатамыз. Тарихшылар мен жергілікті өлкетанушылар бұл тауларды бір кездерде тұрғылықты халықтың «Жетісу Ала­­­тауы, Арқас Алатауы» деп атағанын сан мәрте көтергенмен, үйрен­­­ген ауыз сол жат атаудан жаңылар емес. Сонымен бірге Алакөл ауда­­­­нындағы атақты Ебінің желі соғатын аңғарды «Жоңғар қақпасы» деп атауды тоқ­­­­та­­­тып, «Же­­­­тісу қақпасы» деп ауыстыруға да асығар емес­­піз. Оны айтасыз, облыстың шығысын­­­­дағы Ақсу, Сарқан, Алакөл аудан­­­­дарының ең шы­­райлы әрі шұрайлы жерлерін қамтып жатқан алып аймақта Қазақстан Үкіметінің 2010 жыл­­­дың 30 сәуір айында №370 қаулы­­­сына сәйкес құрылған, Сарқан, Алакөл, Лепсі филиал­­­дарынан тұратын табиғи сая­­­­бақ­­­­­тың атауы да «Жоңғар Алатауы» мемле­­­­кеттік ұлт­­­тық табиғи пар­­­кі» деп ата­­­ла­ды. Парктің жалпы ауданы – 356 022 гектар. Ақсу ауда­­­нында 55 257 гек­­­­тар­­ды, Сарқан ау­­­данында 151 947 гек­­­­­тарды, Алакөл ауда­­­нында 148 818 гектарды алып жатыр. 2010 жы­­­лы біздің елдің тәулсіздік алға­­­­нына 20 жылға жуық­тағанда бір кез­­­дердегідей, Мәскеуге жал­­тақтамайтын, бәрін өзіміз шешетін шақта осындай алып аумақты қамтып жатқан «Мем­­­лекеттік ұлт­­­­тық» деген мәртебесі бар табиғи паркке қалай ғана «Жоңғар Алатауы» деген атауды қой­­­­ғаны­­­­мыз­­ды ешкім түсіндіріп бере алмасы анық.

Осылайша, тарихтан жоңғардың заты өшкенмен, аты өшпегеніне Жетісу облы­­­сында жоғарыдағылардан бөлек те дәлел бар. Соның бірі әрі бірегейі – облыс орта­­­лығының орта­­­­сында ойып тұрып орналасқан Жоңғар тұйық көшесі. Біржан сал көшесімен қиы­лысатын шолақ көшеге атау 2009 жылы беріліпті. Сол кездегі қаланың тізгінін ұста­­­ғандар, мәсли­­­­хаттың төрінде отырған­дардың бұған қалай жол бергенін де қазір ешкім айта алмайды. Біле­­ді-ау дегендердің өзі күмілжіп, басын ала қашады. 

Жалпы, өңірдегі мәдениет саласына жа­­­уаптылардың жауапсыздығы, өткенді жете білмейтініне бұған дейін бірнеше рет куә болған едік. Жұматай Жақыпбаевтың туға­­­­нына 75 жыл толғанда, осыдан бірер жыл бұрын жазушы Сайын Мұратбековтің 85 жыл­­­­­­­­­­­­­­­дығын атап өтуге қатысты түсінбес­­­тік­тер туындағанда сол кездегі Алматы об­­лысы мәдениетіне жетекшілік етіп отыр­­­ғандардың аузынан «олар кім еді?» дегенді естігенде жағамызды ұстағанбыз. Одан кейін облыс екіге бөлінді. Басшылар ауысты. Сонда да серпіліс жоқ. Оған былтыр туға­­­­нына 130 жыл толған Біләл Сүлеевтің атау­­­сыз қалғаны дәлел бола алады. Осы мәселені кө­тергенімізде ру­­ханият саласындағылардың қазақ үшін жа­­­нын қиған Алаш арысын жете білмейтінін байқағанбыз. 

Жоғарыда аталған есімдері Жетісу өңі­­рінің ғана емес, қалың қазақтың есінде жат­­­талуға, тарихта қатталуға тиісті тұлға­­­­лардың есімі өздеріне тиісті деңгейде аталмай, ұлық­­­талмай отыр десек, ешкім қате айттың дей қоймас. Біләл Сүлеевтің атында Талды­­­­қор­­­ғанның жанындағы Еркін деген ауылда кіш­­­кене ғана шолақ көше бар. Бұдан басқа, об­­­лыста, елімізде, оның ішінде туған жері Ақ­­­су ауданында мемлекет және қоғам қай­­­раткері атында бірде-бір көше немесе мектеп, кітап­­­хана, мекеме жоқ. Еркіндегі көшеге 1991 жы­­лы 31 мамыр саяси Қуғын-сүргін құрбан­­­дарын еске алу, Тағзым ету күні болып алғаш белгілеген кезде өлке­­­танушы Жемісбек То­­­лым­­­­­­­­беков пен сол жыл­­­­дары облыс орталы­­­ғындағы Ілияс Жансүгіров мұражайын бас­­­қарған Кәмила Қоқымова шапқылап жүріп, Біләл Сү­­­леев­­­тің атын қойғызған еді. Кейін­­­нен, 2015 жы­­лы осы қысқа көшеден де айы­­­­ры­­­­лып қала жаздағанымыз тағы бар. Жергі­­­лікті пы­­­сықайлар «Біләл Сүлеев деген кім?» дегенді қоздатып, көшені басқаша атауға тырысқан. Оларды қалалық әкімдік қолдап, ақырында Сүлеевтің іздеушілері жеңіп шық­­­қаны есте қалыпты. 

Сонымен бірге көзіқарақты қазақтың барлығы шырайлы шығармаларын басына жастанып оқыған қазақ әдебиеті классиктері бірегейлерінің бірі Сайын Мұратбековке Талдықорғаннан бір көше берсе, халық қуан­­­баса, қарсылық танытпасы анық. Жетісудың дарабоз ақыны Жұматай Жақып­­­баевтың туғанына 75 жыл толған 2020 жылы облыс орталығынан бір көшені беруге қа­­­тыс­­­­ты көтерілген бастама да тиісті орын­­­­дардан қолдау таппады ма, әлі шешілген жоқ. 

«Қаланың тура орталығында Жоңғар де­­­­ген көшенің болуы ақылға сыймайды. «Жоң­­­ғарлар деген кімдер?» дегенді ұйықтап жат­­­­қан қазақты оятсаң, егжей-тегжейлі ай­­­­тып берері анық. Өкінішке қарай, Кене­­­сары сынды қазақтың соңғы ханына, қазақ хан­­­­дығының негізін қалаған Керей мен Жәні­­­­бек­­­­ке, әл-Фараби сынды ғалам мойын­­­даған ғұ­­­ламаға және бұрынғы және бүгінгі тағы да басқа тарихи тұлғаларымызға атау қимай отырғандар, көздерінің астындағыны көр­­­мегендей сыңай танытады. Біз – Талды­­­қорған қаласының қоғам белсенділері бұл мәселені бірнеше рет көтергенімізбен, сол баяғы сиыр­­­­құйымшаққа салып, әне-міне­­­мен ке­­­йінге сілтеп келеді», – дейді Талды­­­­­­қор­­­ған­­­ның байыр­­­­ғы тұрғыны, облыстағы барлық игі іске жанашыр болып жүретін Мақсұт Қа­­­лажанов ағамыз. 

Жалпы, Талдықорған қаласы маңайын­­­­дағы елді мекендерді қоса санағандағы 900-ге жуық көшенің денінің атауы бар. Бірақ со­­­­лардың арасында түбегейлі арылып, жа­­­ңа­­­­­ша атау беруді қажетсінетіндер жетер­­­­лік. Талды­­­­қорған қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміндегілер соларды ауыстыру қолға алынады деген еді. Жақында Талдықор­­­­ғанда ықшамаудандар мен көше­­­лер жаңа атауға ие болады. Мұндай шешім мәсли­­­хаттың кезекті сессиясында қабыл­­­да­ныпты. Респуб­­­ликалық ономас­­­тикалық ко­­­миссия­­­ның қоры­­­­­­тындысы бойынша Тал­дықор­­­ғандағы бұрын сандармен белгі­­­лен­­ген ық­­­шамаудандар мен көшелер жаңа атауды ие­ле­­­неді. Бір қуа­­­нарлығы, Талды­­қорғанның оңтүстік-ба­­­тыс бөлігіндегі ата­уы жоқ №10 ша­­­­­ғын­­­­ауданға әл-Фараби ата­уы берілетін бол­ды. Өкінішке қа­­рай, атауы өзгергендер қатарында Жоңғар тұйық кө­­ше­­­­­­­сі жоқ және жоғарыда есімі аталған Ке­рей мен Жәні­­­­бекке, Кенесары хан­­­ға, Са­­йын Мұратбеков, Жұма­­тай Жақыпбаев­­­қа бұл жолы да атау бұйыр­­­мапты. 

Болат АБАҒАН, 

Жетісу облысы