«AMANAT» партиясы Төрағасы Е.Қошановтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында былтырдан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестердің жұмысын жандандыру бойынша біршама шаруа атқарылды.
Ерлан Саиров: Міндет айқын, меже бір
1,308
оқылды

Кеңес отырысында өңірлердегі сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі әрекеттердің жай-күйі және пар­тияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің ал­дын алу, қоғамда резонанс тудырған проб­лемалық мәселелерді шешу жолдары жө­ніндегі сұрақтар да жан-жақты тал­­­­қы­­­­­ланып, маңызды мәселелер тиісті құзырлы орындарға жеткізілді. 

Айтар болсақ, жалпы 2021 жылдан бас­­тап республикалық деңгейде барлығы 19 отырыс өткізілген. Осы уақыт аралы­­­­­ғында кеңеске түрлі жағдайға байланысты бар­лығы 188 ұсыныс берілген. 

Сонымен бірге осы 2021 жылдан бастап біршама проблемалық мәселе шешімін тауып, елдің талап-тілектері орындалғанын айтқан жөн болар. Мәселен, 2021 жылы Түркістан облысы Сайрам ауданы тұр­ғындарының өтініші бойынша аудандағы халық саны мен көрсетілетін қызметтердің ұлғаюын және халыққа қызмет көрсету ор­талығы қызметкерлерінің жүктемесін ескере отырып, аудан тұрғындарына қо­­лайлы жағдай жасау, сондай-ақ мем­­­­ле­кеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақ­­сатында аталған ауданда халыққа қыз­мет көрсету орталығын ашу мәселесі ке­­ңесте қарастырылды. Нәтижесінде, мем­­лекеттік корпорация тарапынан 65 штат санын 100-ге көбейту бойынша жұмыс жоспары жасалып, халыққа қызмет көр­се­ту орталығы ашылды. 

Ал Шығыс Қазақстан облысының Күр­­шім ауданына қарасты Боран ауылы маңында ағатын Қалжыр өзенінің лас­тануы туралы мәселе ел арасында көтері­ліп, Экология, геология және табиғи ре­сурстар министрлігіне тиісті шара қа­­­­­­­­­­­­­­­­­­­был­­дау жөнінде хат жолданды. Ми­нистрлік тарапынан рейд жүргізіліп, Қалжыр өзені мен Шаңдыбұлақ бұла­ғы­­ның ластанғаны расталып, осы бойын­ша «С.А. Хван» ЖК әкімшілік жауап­­­кер­шілікке тартылды. Су объек­тісінің одан әрі ласта­нуына жол бермеу үшін жерді ре­­­куль­­тива­­циялау жұмыстары тоқ­­татылды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қа­ласына қарасты Круглозерное ауылында мем­лекеттік-жекеменшік әріптестік жүйе­сі бойынша салынған, талаптарға сай ке­ле­­тін жабдықтары бар жаңа балабақша бар болатын. Ғимарат мемлекет меншігіне өткеннен кейін әкімдік жергілікті кәсіпкер салған қаржыны қайтаруы керек еді. Алай­да жергілікті әкімдік бұл мәселені ше­шуге асықпаған. Кеңестің ықпалымен жер­­­гілікті бюджеттен қаражат бөлініп, бала­­бақша мемлекет меншігіне толық өтіп, бүгінде онда 103 бала тәрбиеленуде. 

Тағы да сол Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының саяжай тұрғындары Ша­ған өзенінің жанындағы құрылысқа қар­­сы шықты. Ол құрылыс инвести­циялық жоба болған екен. Алайда осы мәселені партия алаңында қарау бары­­сында құ­рылыс ком­­паниясы Каспий су қорғау ин­спекция­­­сынан тиісті рұқсат алмағаны анықталды. Облыстық сыбай­лас жем­­­қорлыққа қарсы кеңес об­лыс про­кура­­тура­сымен бірлесіп атқарған жұмыс­та­­­рының нәтижесінде Казталов ауданы Қособа елді мекенінде су каналын жауып қойған шаруа қожалы­­­ғы­ның жері иелік­тен шығарылып, ауыл­дық резервке 100 гектар жайылым қайтарылды. Тағы бір маңыздысы, Павлодар қаласында аз қам­­тылған отбасыларға арналған көп­қабатты үй құрылысы болып отыр. Құры­лысы басталып, орта жолда тоқтап қалған ғима­­­раттың мәселелерін анықтай келе бө­­лінген қаражаттың жетпеуі себеп бол­ғаны белгілі болды. Жұмыстарды қайта қарап, құжаттары реттестіріліп, жобалық ті­зімге түзетулер енгізілді. Қазір 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пай­далануға берілді. Сонымен қатар кеңес ха­лықты сапалы сумен қамтамасыз ету мә­селесіне де аса үлкен мән беріп келеді. Ауызсумен қамту мәселелерін қарас­­ты­рып, облыстар мен қала әкімдеріне тиісті ұсы­­нымдар беріліп, бірқатар мәселе өз шеші­­мін тапты. Атап айтар болсам, Шым­­­­­­­­­­­­­­­кентте ауызсу кесте арқылы сағаттап беріліп кел­­ген 9 елді мекен бар болатын. Қазір елді ме­­­кендерге сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Ал қала маңындағы жаңадан салын­ған елді мекендер мен 7 тұрғын алап та са­­­палы ауызсумен қам­та­ма­сыз етілді. Ауыз­­­су мәселесі Түркістан облысында да өзекті екені белгілі. Кеңес құрамы мен жұмыс істеу барысында Түркістан облы­­сына қарасты 20 елді мекен жаңа ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілді. 

Одан бөлек, осы 2021 жылы ауылдар­­­дағы жайылым және шабындық жерлердің жетіспеушілігі бойынша проблемалық сұ­рақтар жиі көтеріліп, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге ұсынымдар берілді. Кеңес отырысынан кейін ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы пайдала­­­­­ныл­май жатқан жерлерді анықтау жұмысы бақылауға алынды. Кеңес қаулысын орын­­дауда АШМ-мен бірлесіп Жол картасы әзірленді. Бұл шаралар пайдаланылмай жат­қан ауыл шаруашылығы жерлерін мем­лекетке қайтару жұмысына көмек болды.Осы мәселелер 2021 жылғы қорытынды­­­­лар­дың бір парасы десек, 2022 жылы да кеңес біршама шаруаның шешімін тауып халық игілігін көріп отыр. Сол 2022 жыл­дың басында Жамбыл облысының Т.Рыс­құлов ауданы Құлан ауылындағы «Арай» учаскесінде әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға арналған тұр­ғын үйлердің құрылысы аяқталғанымен, бір жылдан астам уақыт бойы ол үйлерге адамдар қоныстандырылмаған. Кеңес қау­лысын орындауда 80 пәтерлі тұрғын үй­ге наурыз айынан бастап арнайы ко­миссия шешімімен кезекте тұрған тұр­ғындарға берілді. Сонымен бірге кеңестің жұмыс тобы Жамбыл облысында ­ сай­лауалды бағдарламасын орындауда жем­қорлыққа жол берілмеуін қадағалау ба­рысында проб­лемалық құры­лыс объек­­тілері анықталды. Партия тарапынан қабылданған шара­лар­мен Т.Рысқұлов ауданы Қарақат ауылының №2 орта мектебінде күрделі жөндеу жұ­мыстары аяқталып, оқу процесі басталды. Қазір оқушылар кедергісіз білім алуда. Ал Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының «Қулыкөл-Қаратал» ауыл­­а­ра­лық жолын жөндеуге бөлінген қаражат ұтымсыз пайдаланылып, ауыл тұрғында­рынан шағым түскен. Кеңес облыс әкім­­­дігіне проблемалық мәселені шешу жөнін­де ұсыным берді. Нәтижесінде, аудандық маңыздағы автожолдың шайылған учас­­келері жөнделді. Одан бөлек, пар­тияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бо­йынша Жол картасының сапалы орында­луын зерделеу барысында анықталған кемшіліктер жойылды. Мысалы, Петро­павл­дағы қызмет көрсету саласындағы мамандарды даярлау колледжіне 244 орын­дық жатақхананың құрылысына байла­нысты ши шыққан. Мердігер TOIR ЖШС-мен жалпы сомасы 755 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Келісімшарт жасалғаннан кейін 226 млн теңгеден астам аванстық сома әлі жұмысқа кіріспеген мердігерге аударылып жіберген. Ал тексеру кезінде соманың 111 млн теңгесі ғана игерілгені анықталды. Кеңестің жұмыс тобымен мердігердің мін­деттемесі орындалмай, жұмыс аяқсыз қа­лып, нысан іске қосылмағаны анық­талды. Орындалмаған міндеттемелердің жалпы сомасы 456 млн теңге екен. Нәтижесінде, TOIR ЖШС-мен Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжінің құры­лысына жасалған келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылды. Партия тарапынан бақылау жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылы жатақхана құрылысы аяқталды. Нысан қазір толық пайдалануға берілген. Мұндай келеңсіздіктердің басын тізіп айта берсек, жетерлік. Жыл сайын атқарылған және қол­ға алынып, жұмыс жүргізіліп жатқан шаруалардың да саны күн сайын артып отыр. Ал 2023 жылдың өзінде біршама келеңсіздіктің оң шешімі табылды. Со­лар­дың бір парасын жіпке тізе кетер бол­сам, мысалы Азаматтық авиация коми­тетіне тасымалдаушының кінәсінен рейс­­­­­тердің кешігу жағдайларын болдырмау, сондай-ақ ұшулардың жүйелілігін жақсарту жөнінде берілген ұсынымдар тасталып, жұмыс тобы шаруаны саралау барысында ұшулар­дың жүйелілігін арттыру үшін авиаком­­­паниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Рейс­тердің жүйелілігін жақсарту мақсатында ха­лықаралық әуекөлігі ұйымының (ИКАО) ұсынылатын тәжірибесін және халықа­ралық әуекөлігі қауымдастығының (ИАТА) стандарттарын ескере отырып, «тарихи слот­ты» бөлу бөлігінде ел әуежайларында әуекемелеріне қызмет көрсету үшін уақыт аралықтарын бөлу қағидаларына түзетулер жобасы әзірленді. Түзетулер жобасы Әділет министрлігіне келісуге жіберіліп отыр. Осы­ған сай, комитет рейсті кешіктіру, тоқ­тату кезінде авиакомпаниялардың жолау­­шылар алдындағы жауапкершілігін кү­шейту жөнінде шаралар қабылдауда. Та­­сы­­­­­­малдаушылардың жауапкершілігін күшейту бөлігінде қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді. Одан бөлек, салада түрлі деңгейде 15 әкімшілік құқық­бұзу­шылық анықталған. Сөйтіп, авиаком­­па­ниялар жалпы сомасы 40 млн теңгеге рес­­публикалық бюджетке айыппұл төледі. Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агент­­тігі прокуратура органдарымен бірлесіп жүргізген тексеріс нәтижесінде Air Astana авиакомпаниясы Алматы қалалық Әкім­шілік құқықбұзушылық жөніндегі маман­дандырылған ауданаралық сотының ше­шімімен жолаушылардан отын алымын негіз­­сіз қолданғаны үшін үстем моно­по­лиялық жағдайды теріс пайда­ланғаны үшін 876 млн теңгеден астам сомаға әкім­шілік жауапкершілікке тартылды. Шым­кент қаласының әуежай маңындағы са­­лын­ған тұрғын үйлердің мәселесі рес­­­­­­­­­­­­пуб­­­­­­­­ликалық деңгейде бірнеше рет көте­рілгенін ел біледі. Анықталғандай, бұл ай­мақтағы 307 жер теліміне құрылыс жүргізілген. Атал­­ған мәселені шешу үшін телімін мем­­­лекет мұқтажына қайтарып алу жө­нінде қаулы қабылданған болатын. Алайда бағалау жұмысы бұл мақсатқа 30 млрд тең­ге жұмса­­­­лып, мемлекет мұқ­­­тажына қайта­­рып алу­­­­дың қала бюджетіне салмақ түсіре­тінін көрсетті. Нәтижесінде, Шым­­кент әуе­­­­­жа­­­йына санитарлық қауіп­­­­сіздікті қам­­­­­тамасыз ететін қашықтықтан жаңа ұшу-қону жолағын салу жөнінде ше­­шім қабыл­­­данды. Осыған орай жобалық-сме­­­талық құжат­­­­тарды әзірлеу үшін Qazaq City Stroy ЖШС-мен меморандум түзілді. Жаңа ұшу-қону жолағының ұзындығы 3 300 метр, ені 45 метр болады. Халықтың баспа­­­­­­­­­на­­­­сы бұ­­­зыл­­­­­май, мемлекет қаржысы да үнем­­де­­­ліп, әуежайда заманауи ұшып-қону жолағы са­­лынады. Сонымен бірге проб­­лемалы 307 жер телімі иелерінде қал­дырылды. 

Әуекөліктерімен әуежайларға қатысты өзге де өзекті мәселелердің беті ашылып, түзетулер жүргізілу үстінде. Мәні анық­тал­ған мәселе ел ішіндегі рейстер мен ел аума­ғынан тысқары шығатын рейстерге де қа­тысты болып отыр. 

Осы 2023 жылы Атырау облысында партияның сайлауалды бағдарламасын сапалы орындау және жемқорлықтың ал­­дын алу бойынша, құрылыс жұмыстары тоқтап тұрған нысандарға қатысты кеңес нақты ұсынымдар берді. Нәтижесінде, Исатай ауданы Қызыл үй ауылын газбен жабдықтау желісі салынып, 2023 жылы 29 қарашада жұмыс қабылданды. Жобаның жалпы құны – 716,2 млн теңге. 

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, партияның сайлауалды бағдарламасын орын­дау жөніндегі жұмыстар тиісті деңгей­де атқарылмағаны үшін кеңес ұсы­нымы­­мен партиялық және тәртіптік жауап­кер­шілікке тартылған біршама лауазымды тұлғаның аты-жөнін нақтылады. Бұл қа­тарда әр жыл бойынша сайын жеке-жеке тізім жиналды. Лауазымды тұлғалар қата­рында облыс­тардың әкім орын­­­басар­лары, аудан мен қала әкімдері, басқарма бас­­шылары, білім саласының лауазымды тұл­­ғалары да бар екенін айтқан абзал. Қазір анықталған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шара қабылданды. 

«AMANAT» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің қызметі ел халқының тұрмысы мен тіршілігін оңал­тып, жер-жерлерде болып жатқан заңсыз­­дықтарға тосқауыл болу жұмыс­тарын бұ­дан әрі де жалғастыра беретіні анық. Бұл – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның да, «AMANAT» партия­сының да алға қойып отырған басты мін­деті.