Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайдағы турнирде ойнамайтын болды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
1,014
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған. 

«Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса, 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады», – деді теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.