Бұл – жас дарындарды ғылыми ортаға тарту бойынша ауқымды стратегияның бөлігі.
Жас ғалымдармен кездесуде Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясында Жас ғалымдар кеңесінің құрылғанын жариялады.
Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын Президиум басқаратын болады, оның мүшелеріне Президент жанындағы Ұлттық құрылтай және Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшелері, республикадағы жас ғалымдар ұйымдарының төрағалары, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, еліміздің ЖОО мен ҒЗИ жас ғалымдары кеңестерінің төрағалары, беделді, жас әрі қалыптасқан ғалымдар енді.
«Жас ғалымдар кеңесі Президиумының жұмысы бөлімшелер бойынша жүргізіліп, аймақтарда өкілдіктері болады. Осылайша, біз Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мәртебесін көтереміз, сәйкесінше ол елдің жетекші жас ғалымдарын біріктіретін және өз қызметі үшін барлық қажетті өкілеттіктерге ие тиімді жұмыс істейтін ұйымға айналады» - деп атап өтті басқарма президенті.
Президиум мүшелерінің ашық дауысқа салуымен, бір ауыздан – Ұлттық биотехнология орталығы, «Адам генетикасы» зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, Ph.D, қауымдастырылған профессор Жабағин Мақсат Қизатұлы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Ол жас ғалымдардың жаңашыл идеяларын, тың ұсыныстарын жеткізу және кеңес шешімдерін нәтижелі ету үшін Академияның басшылық құрамына ресми түрде еніп, басқарма президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жас ғалымдарға өздерінің төрағасы арқылы Ұлттық ғылым академиясының негізгі шешімдерін қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Отандық ғылымда жас ғалымдардың құқықтарын қорғау үшін Жас ғалымдар кеңесі президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымы енгізілді. Бұл аса жауапты лауазымға Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры Ph.D, жас заңгер-ғалым Хасенов Муслим Ханатович тағайындалып, оған жас ғалымдардың мәртебесін ілгерілету және нығайту миссиясы жүктелді.
Ресми түрде Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары болып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы, қауымдастырылған профессор, Ph.D Лайсханов Шахислам Ұзақбайлы сайланды.