Шетелдік ойыншылардың қазақстандық клубтардан қашып кету жағдайы бұған дейін де болған.
Қазақстандық клубқа жаңа келген африкалық футболшы түнделетіп қашып кетті
Фото: ©instagram.com/steve_trawally29
4,840
оқылды

Семейлік "Елімай" футбол клубына жаңа келген гамбиялық легионер Бубакар Травалли команда сапына қосылмай жатып қашып кетті. Бұл туралы "Серый CARDINAL" Telegram-арнасына сілтеме жасап 1bol.kz хабарлайды, – деп жазады vesti.kz.

"Гамбия құрамасының футболшысы Бубакар Травалли "Елімайға" келіп, бапкерлердің қарауынан өтуі керек болған. Алайда, ол түнде қонақүйде бүкіл затын тастап, өзі қашып кеткен. Оның қайда кеткені және не себепті кеткені әзірге белгісіз", – делінген аталған хабарламада.

Айта кету керек, шетелдік ойыншылардың қазақстандық клубтардан қашып кету жағдайы бұған дейін де болған. Мәселен, 2016 жылы "Челсидің" екі шәкірті "Ақтөбе" клубымен оқу-жаттығу жиынында жүріп қашып кетсе, одан алты жыл алдын испандық Хуан Безарес те дәл осы клубтан ешкімге айтпай кетіп қалған.