«Айқында» айрықша жылдарым өтті

Жаңа жылдың алды... 2004 жылдың 19 желтоқсаны жадымнан өшпейді. Дәл осы күні мен «Қазақ үні» газетінде бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеп жүріп, аяқ астынан «Айқын» газетіне баруға шешім қабыл­дадым. Неге?

Біріншіден, ол кезде жур­на­­лис­тикада медианарық де­ген термин айтыла қоймаған кез. Ал «Айқын» Қазақстан ме­­диа­нарығына ерек­ше тың, соны леппен келді. Жарық­қа шық­қанына 7-8 ай болмай жа­­тып, оқыр­манның ғана емес, жур­­­на­листикада жүрген қалам­гер­­лердің де назарын аудара бас­та­ды. Га­зет­тің шапкасындағы «Жаңа­­­лықты бірінші біліңіз» деген айдардың өзі-ақ көп нәрсені аңғартып тұр­ды. Екіншіден, «Жас Алаш» газетін Нұртөре Жүсіп бас­қарған уақытта бірге жұмыс істеген бір топ журналистер «Айқынның» да абыройын асырып жатты. Неге тағы бірге жұмыс істеп көрмеске?! Сөйтіп, Әділбек Қаба, Айгүл Ахан­байқызы, Роза Қараева, Гүл­нар Жұмабайқызы, тағы бас­қа журналистердің қатарына қо­сы­лып, іске құмбыл кірісіп кет­тік. Газеттің бас редакторы Серік Жанболат мені саясат бөлімінің тілшісі етіп қабылдады. 20 күн­нен кейін Жаңа жыл өткен соң, 15 қаңтарда cаясат бөлімінің редакторы ретінде «Литер» ЖШС бас директоры Ерлан Бекхожиннің бұйрығы шықты. Осылай «Айқын» газетіндегі қым-қуыт тіршілігім басталып кетті. Дәл сол кезде мен әлі де «Айқында» 15 жыл жұ­мыс іс­тей­тінімді, он жылға жуық ба­сы­­лым­ның бас редакторының орын­басары қызметінде болаты­нымды білген де, сезген де жоқпын. 

Әңгіме қызметте емес, жалпы журналистикадағы жолыма ри­за­шылығым шексіз. Бірақ мен үшін «Айқын» газетіндегі жыл­дарым айрықша есте қалды. 2007 жылдың мамыр айында газеттің бас редакторы болып Бауыржан Омарұлы тағайындалды. Мамыр айы­ның соңында мені бас ре­дак­­тор­дың орынбасары етті. Бір жылдан соң, 2008 жылғы 8 ақ­­па­нында Баукең Қызылорда об­лысы әкімі аппаратының бас­шысы қызметіне ауысты. Орнына бас редактор болып Нұртөре Жү­­сіп келді. Өмірде, жалпы жур­­на­лис­ти­каның жолында маған осындай жақсы адамдар жолықты. 

«Айқын» несімен елдің на­зарын өзіне аударды? Газеттің алғашқы бас редакторы Серік Жанболат пен орынбасары Әділбек Қабаның еңбегін еш­қа­шан жоққа шығаруға болмайды. Сол жылдардағы басы­лымның бетін парақтасаңыз, жур­налистер ең өзекті мәселелерді көтерді. Ешқандай мерейтойлық, арнайы тапсырыспен жазылатын мақтау, одақтау мақалалары жария­ланған жоқ. Тек қана белгілі ма­ман­дар сөз алып, көкейкесті мә­се­лелерді сөз етті. Талқылады, ой­ла­рын ор­таға салды. 

Газеттің 3-бетіндегі «Ақ сөй­ле!» айдарын әлі оқырман ұмы­та қоймаған болар. Мұнда әр са­ла­дағы мамандармен сұхбат тұ­рақты түрде жарияланып тұрды. Ал басылымның 1-бетіндегі үш ма­манға қойылатын сауалнама күн­нің ең өзекті тақырыбын сөз етті. Дәл осы сауалды тақырып етіп шы­ғарудың өзі оңай емес-ті. Оған ма­мандардың өзі қинала жауап беретін. Бірақ бұл газеттегі ең оқы­лымды айдарлардың бірі болғанын ұмытқанымыз жоқ.

Бауыржан Омарұлының бас редакторлығы кезінде газеттің екін­ші тынысы ашылды. Жаңа­дан ай­дарлар пайда болды, тың автор­лар шоғыры қалыптасты. Бір нәр­сені айта кету керек, Бауыр­жан Омарұлының бас­шы­лығы кезінде газет журна­лис­терінің 60-70 пайы­зы шетелдік сапарларға шықты. Газет зиялы қауымның мінберіне айналды. Журналистерде жаңа ізденіс пайда болды. 

Ал Нұртөре Жүсіптің бас ре­­дак­торлығы тұсында газеттің абыройы асты. Басылымға жаңа­дан жастар келді. Олар газетке соны леп әкел­ді. «Айқынның» бей­­сенбі күні шы­ғатын 32 беттік ет­­жеңді номерін оқырман асы­ға күтті. Тіпті, осы 32 беттік «тол­с­­туш­каның» бірер жыл шық­­пай қалған кезі де болды. Нұр­төре Жүсіп бас ре­дактор ре­­тінде оның қайта шы­ғуы­на би­­ліктегілердің көзін жет­кізді. Қа­зір ойлап қарасам, менің де бүкіл тыныс-тіршілігім мен қуат-күшім «Айқынның» қа­лып­тасу жолында өтіпті. Газет апта­сына бес рет шығады. Түнгі он-он бір, кейде сағат екі-үшке де­йін жү­ре­тін кездер болады. Қазір таң қа­ламын, бірақ таңғы сегіз-то­ғызда жұмыста отырасың. Мұ­ның бәрі қалыпты жағдайға айна­лып кеткесін жұмыстың ауырт­п­алы­ғын да сезбеппіз ғой. Тақы­рып табу, журналистерге күн­де­лікті ұсыну, осының бәрінде де жур­налистикаға адалдық пен маман­дыққа деген құрмет жатыр-ау. 

Ашығын айтайын, ақ­парат беруде қазір үздікке ай­нал­ған Aikyn.kz сайтының шеф-редакторы болып, оның бастауында тұрып, қалыптасуына да шамамыз келген­ше үлесімізді қостық. Мұның бар­лығы да бас редакторлардың маған артқан сенімі болар. Ол азаматтарға рах­меттен басқа айтарым жоқ.

Рас, «Айқында» жүрген жыл­дарымды құрметпен еске ала­мын. Өтіп бара жатқан уақыт. «Ай­қынның» да жарыққа шық­қа­ны­на 20 жыл толыпты. Қазіргі «Ай­­қын­ның» журналистері кәсі­билікті мең­герген, сан салалы тақы­рыпты, өзекті мәселелерді кө­терген, ме­диа­нарықта өз жолы, бағыты бар, қалыптасқан басы­лымға айналды. 

Мерейтойларың құтты бол­сын, айқындықтар!

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ, 

«Ана тілі» газеті бас редакторы­ның орынбасары