Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогында жеңімпаз атанды.
Нариман Құрбанов Германияда алтын медаль иеленді
Фото: С.Сабыров/Olympic.kz
1,570
оқылды

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда жалпы 15.433 ұпай алды.

Күміс Иордания спортшысының (15.300 ұпай) еншісінде болса, қола жүлдеге Оңтүстік Корея (15.300 ұпай) өкілі қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл бәсекеге 80 елден 370 үздік спортшы жиналды.