Алина Әжіғалиева әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Тарихи жеңіс: Алина Әжіғалиева әлем чемпионатында топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан алынды
1,499
оқылды

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында спортшымыз 1 500 метр қашықтықтың финалына шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Бұл – қыздар арасында қазақстандық шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.

Бұл қашықтықта Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.