Владислав Челах қайтыс болды деген қауесет тарады
Владислав Челах қайтыс болды деген қауесет тарады
© tengrinews.kz
253
оқылды
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Владислав Челахтың өлімі туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осыған дейін БАҚ-тарда Владислав Челахтың қайтыс болғаны туралы және Қостанай облысы Жітіқара қаласы маңындағы "Черный беркут" колониясында Челахтың сыңары жазасын өтеп жатқаны туралы хабар тараған.
ҚАЖК өкілдері бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтады.
"Бұл жалған мәлімет. Ол тірі. Бұрынғыдай жазасын "Черный беркут" колониясында ерекше режимде өтеп жатыр. Денсаулығы қанағаттанарлық", - деді ҚАЖК өкілдері. Еске салайық, сот шекарашыны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Челах 2012 жылдың мамыр айында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталды. Апелляциялық және кассациялық сот алқасы оның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр.