Іш ауруы – көп таралған, алайда көп адам елей бермейтін симптом. Оның қатты ауырсынуы іш қуысы мүшелері ауруының белгісі болуы мүмкін.
Іш ауруы өздігінен немесе басқа белгілермен бірге білінеді. Мысалы, метеоризм, жүрек айнуы, құсу, дене температурасының жоғарылауы, жиі зәр шығару және т.б.
Әсіресе, балалар мен қарттардың, сондай-ақ АИТВ жұқтырған адамдардың және иммуносупрессивті препараттарды (соның ішінде кортикостероидтарды) қабылдайтын адамдардың іші ауырса, бұған ерекше назар аударған жөн.
Іш ауруының қаншалықты қауіпті екенін бірнеше фактор арқылы анықтауға болады. Іштің қай бөлігі ауырып жатыр? Ауырсыну синдромы қанша уақытқа созылады? Ауырсыну белгісі қандай және т.б.
Мұндай кезде ішіңіз қалай ауырып жатқанына мән бере отырып, дұрыс шешім қабылдау маңызды. Жедел медициналық көмекке жүгініңіз, дәрігерге барыңыз немесе үйде емделіңіз.
Іш ауруының түрлері:
Созылмалы – белгілі бір уақытта пайда болады.
Жедел – бірден пайда болады және қатты ауырады.
Құрысу – приступ сияқты пайда болады.
Сыздап ауыру – ауырлық немесе аштық сезімін еске түсіреді.
Баяу ауыру – құрысып, іш бұлшықеттері жиырылғандай болады.
Іштің қай бөлігі ауырып жатыр? Осыған қарап іштегі қай ағзаны тексеру қажет екенін анықтауға болады.
Жоғары жағы ауырса, бұл әдетте асқазан-ішек ауруларын білдіреді. Сонымен бірге (сирек кездеседі) миокард инфарктісін көрсетуі мүмкін. Іштің төменгі жағы ауырсынса, бұл ішектің және несеп-жыныс жүйесі органдарының жұмысындағы бұзылысты білдіреді. Ал іштің оң жағы ауырса, бұл – өт қабының және бауырдың жұмысындағы патологиялар. Егер сол жақ ауырса, бұл – көкбауыр немесе ұйқы безіндегі проблеманы білдіреді.