Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан жарыста спортшыларымыз 10 жүлде жеңіп алды: 8 алтын, 2 күміс медаль. Жүзудің А тобында отандастарымыз Әділбек Мусин (100 м баттерфляй), Аделаида Пчелинцева (50 м брасс), Софья Сподаренко (100 м баттерфляй) алтын алса, 1500 м еркін әдісте Диана Тасжанова үздік шығып, күміс иеленді. Жүзудің В тобында ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов) эстафета 4х100 аралас әдістен алтынға қол жеткізді. Сондай-ақ Арсен Қожахметов (50 м брасс), София Абубакирова (50 м еркін әдіс), Максим Сказобцов (100 м баттерфляй) – алтын, Даниил Черепанов (50 м еркін әдіс) күмісті олжалады. Ал суға тұғырдан қатар секіруден Диана Жұмағұлова мен Анабелла Кочкина алтын алды.
Азия чемпионатының екінші күнінен кейін Қазақстан еншісінде 21 медаль бар ( 11 алтын, 6 күміс, 4 қола).