Соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде энергетикалық сусындарды жаман қылып көрсетіп, үрей туғызуға деген талпыныстың ашық түрде жасалып жатқаны байқалады.
Энергетикалық сусындар туралы аңыз бен ақиқат
Фото: optimism.kz
1,051
оқылды

Бұл тақырыпқа қатысты пікірталас көп. Көбі аңызға, алып-қашпа әңгімеге сүйенген, біз сияқты нақты ғылыми дәлел-айғақпен негізделмеген. 

Әрине, бұл өнімдерді мөлшермен қолдану керек, бірақ бір жайтты түсінген жөн – мәселе, энергетикалық сусында емес, мәселе оның санында. Тамақтану саласындағы түрлі сарапшылар осындай пікірде. Мәселен, профессор, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Тамақтану академиясының мүшесі Тәжібаев энергетикалық сусынның құрамындағы қант пен кофеинді ескере отырып, ішу қажеттігін айтады.

Тіпті, қарапайым судың өзін шамадан тыс ішу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Суды көп ішу жасушалардың ішіндегі және сыртындағы сұйықтық арасындағы тепе-теңдікті сақтайтын қандағы натрий концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Натрий деңгейі төмендеген кезде су сыртқа шығып, жасушалардың ісінуіне әкеледі. Бұл басты ауыртып, жүректі айнытуы мүмкін, кей жағдайда мидың ісіп, комаға түсіруі мүмкін. Бұл жағдай гипергидратация немесе судан улану деп аталады.

Тыйым салуды құп көретіндер негізінен сусынның құрамын айтады. Алайда энергетикалық сусынның құрамындағы Тауриннің стимулятор еместігі және оның жүйке жүйесіне ешқандай әсері жоқтығын ешкім ескермейді. Бұл көптеген ғылыми зерттеумен дәлелденген. Бұған қоса, дәл сол Таурин балалар тағамында кездеседі әрі бұл компонентті көптеген атақты тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қауымдастықтар мақұлдаған.

Сонымен қатар  энергетика түрлі пікірге қарамастан, тәуелділік туғызбайды. Оны тек шөлді қандыру үшін ішпейді. Сусынның құрамы әрбір құтыда жазылған, сәйкесінше барлық компоненттің қауіпсіз және оның басқа тағамдарда да бар екенін тексеруге болады.

Бұдан қандай қорытынды шығады?

Қорытынды біржақты: бұл белгілі бір өнімді жаман қылып көрсетуге тырысу екені және  біреудің мүддесін қолдауға ұқсайды.

Сөз соңында, біз қандай да бір қорытынды жасамас бұрын оқып шығуға қажетті бірқатар зерттеуді көрсеткіміз келеді:

«Effects of caffeine on human health» P. Nawrot, S. Jordan, J. Eastwood, J. Rotstein, A.Hugenholtz and M. Feeley Toxicological Evaluation Section, Chemical Health Hazard Assessment Division, Bureau of Chemical Safety, Food Directorate, Health Canada, Food Additives and Contaminants, 2003. 412 ғылыми зерттеу мен есептен тұрады.

Евросоюз 2015 год. SCIENTIFIC OPINION on the safety of caffeine EFSA Panel on Dietetic Products, Nutrition and Allergies (NDA) European Food Safety Authority (EFSA), Parma, Italy EFSA Journal. Дереккөздер тізімі - 335 ғылыми зерттеу мен есеп.

В. П.Сербский атындағы психиатрия және наркология федералды медициналық зерттеу орталығының зерттеуін талдау. Ресей денсаулық сақтау министрлігі, 2015 жыл

АҚШ, 2017. International Life Science Institute. Caffeine intake and its sources: a review of national representative studies Joris C Verster & Juergen Koenig. To cite this article: Joris C Verster & Juergen Koenig. 27 мың зерттеу 

Швецияның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық агенттігі (Swedish Livsmedelsverket (National Food Agency, NFA), Report of 26 November 2018

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау комитетінің қорытындысы (United Kingdom Committee on Toxicity), 2019 жыл

Norwegian Food Safety Authority, «Mattilsynets Anbefaling - Ulike Tiltak For Å Beskytee Barn og Unge Mot et For Hoyt Inntak Av Enertgidrikker Og Koffein» (2019 жыл)