Бұл аккредиттеу университеттің Британдық және халықаралық жоғары білім сапасының стандарттарына сәйкес келетіндігін растайды.
Quality Assurance Agency (QAA) – Ұлыбританияның Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу агенттігі. Бұрын QAA сарапшыларымен сыртқы бағалаудан өткен жоғары оқу орындар қатарына Russel Group-ке кіретін Ұлыбританияның үздік университеттері, соның ішінде University of Oxford, University of Cambridge, King's College London және тағы да басқа оқу орындары кіреді (ескерту: Russel Group – Ұлыбританиядағы ең үздік университеттерді біріктіретін американдық Айви лигасының британдық баламасы).
QAA сарапшылары ұлттық және аймақтық есептерді (reports) үнемі жариялап отыратын халықаралық жоғары білім беру талдаушылары. Осы агенттіктің стандарттарына сәйкестік - университеттің академиялық мәдениетінің жоғары деңгейін растайтын маңызды жетістік.
Бұл дегеніміз MNU түлектерінің дипломдары Ұлыбританияның үздік Жоғары оқу орындарының дипломдарымен қатар танылатынын білдіреді. Аталмыш аккредиттеуден өту кезінде жоғары оқу орнын басқару моделінің тиімділігіне, Академиялық адалдық қағидаттарына, студенттермен байланыс, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету тетіктерінің тиімділігіне ерекше назар аударылады.
«ТМД-да бірінші болып QAA Британдық аккредитациясын алған Maqsut Narikbayev University - өз мысалында Қазақстанда халықаралық деңгейге және жоғары білім сапасының жоғары стандарттарына сәйкес келетін университеттер бар екенін дәлелдей алды. Еліміздің басқа жоғары оқу орындары да Maqsut Narikbayev University жеткен сапа деңгейіне ұмтылуы тиіс. Бұл университет ағымдағы жетістіктерінде тоқталып қалмай, «кемелдікке шек жоқ» қағидаты бойынша әрекет ететінін атап өткім келеді», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
«Біздің университеттің басты миссиясы – сапалы білім беру арқылы Қазақстан халқына қызмет ету. Оқу ордамыздың халықаралық деңгейдегі тұрақты жетістіктері - біздің жоғары талаптарға берік екенімізді айғақтап, әлемдегі ең мықты университеттердің деңгейіне бір қадам жақындатады», – деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.
Бұл аккредитация университеттің постаккредитациялық бақылаудан (mid-cycle review) қанағаттанарлық нәтиже алу шартымен 5 жыл мерзімге жарамды. Университетке арнайы жекелендірілген QAA аккредиттеу белгісін қолдануға, оны ресми парақшаларда жариялауға және оны түлектердің дипломдарына орналастыруға ресми түрде рұқсат беріледі.
Крис Бланд, QAA аккредиттеу және кеңес беру бөлімінің басшысы: «QAA Maqsut Narikbayev University аккредиттеу үдерісінің сәтті аяқталуын қуанышпен құттықтайды. Біз Қазақстандағы әріптестерімізбен қуана жұмыс атқардық, болашақтағы ынтымақтастығымызды асыға күтетін боламыз», – деді.
Бұған дейін Maqsut Narikbayev University халықаралық институционалдық аккредиттеуден және FIBAA еуропалық агенттігінің білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткен болатын.