Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионатында жүзуден жарыс аяқталды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, шешуші жарыс күні қазақстандық спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
А тобы:
Әділбек Мусин, 50 м баттерфляй – алтын
Ксения Игнатова, шалқалай жүзу 200 м – алтын
София Сподаренко, 50 м баттерфляй – алтын
Диана Тасжанова, шалқалай жүзу 200 м – күміс
В тобы:
Егор Попов, шалқалай жүзу 200 м – алтын
София Абубакирова, 50 м баттерфляй – алтын
Максим Сказобцов, 50 м баттерфляй әдісі – алтын
Арсен Қожахметов, 200 м брасс – қола
Даниил Черепанов, 100 м еркін стиль – қола
Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлде бар. Бұл нәтиже отандық құрамаға Жапониядан кейін командалық есепте екінші орын алуға мүмкіндік берді (36 алтын, 20 күміс, 15 қола).
Сондай-ақ қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын орнатты.
1 наурызда суға секірушілер жарысы аяқталады. Қазір біздің қоржында 1 алтын, 3 күміс мен 1 қола медаль бар. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыс өтеді, ал 3-9 наурыз аралығында су добының шеберлері бақ сынайды.