Жібек Құламбаева – жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы.
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде жеңіске жетті
Фото: ҚТФ
962
оқылды

Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген. 

Құламбаева - Раина финалда доданың 2-ракеткалары, швециялық Жаклин Кабай Авад - литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-үндістандық жұп 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.