Алматы қаласындағы республикалық «Достық үйінде» бүгін «Спорт – бейбітшілік елшісі» атты халықаралық жиын өтті.
Жиынға Қытай елінен келген құрметті қонақтар, әлемге әйгілі ММА JCK тұжырымының президенті YAHG YU мырза бастаған бір топ делегат пен этномәдени ұйымдарының өкілдері қатысты.
Мәжіліс депутаты Данияр Алдабергенұлының төралығымен өткен бас қосуда ALASH PRIDE FC пен JCK тұжырымдары арасындағы көптеген ауқымды жобалар талқыланды.
Еліміздің брендіне айналған ALASH PRIDE FC промоушенінің ұйымдастыруымен ММА-дан үлкен халықаралық түрнирі өтеді.
ALASH PRIDE FC пен JCK тұжырымдарының өкілдері арасында кеңейтілген достық қарым-қатынасты нығайту мен спорттық-патриоттық бағытта жоспарланған бірнеше кездесу жалғасын тауып жатыр.
«Спорт – бейбітшілік елшісі», демекші бүкіл әлемде бейбітшілік заман болсын. Елімізде ММА спорты заманға сай қарқынды дамып жатыр. Кейінгі буын, жастар арасынан жаңа есімдер шығарына біз кәміл сенеміз. Осы бағытта тынбай еңбек етіп жүрген, «Алаш прайд» промоушені ұжымына алғыс айтамыз», – деді Данияр Алдабергенұлы.
Жиынның өтуіне Алматы қаласының әкімдігі, республикалық «Достық үйі», Алматы қаласының МИД өкілдері, «Масанчи-Жастары» өкілдері қолдау көрсетті.