Қазақстан құрамасынан бірінші болып шаршы алаңға Сәкен Бибосынов шықты.
Сәкен Бибосынов Италиядағы турнирде қарсыласын нокаутпен жеңді
Фото: olympic.kz
2,564
оқылды

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды. Қазақстан құрамасынан бірінші болып шаршы алаңға Сәкен Бибосынов шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз 1 /32 финалда Гонконгтан келген Там Чунь Хинь Каннетпен кездесті. Тартысты жекпе-жек қазақ боксшысының техникалық нокаутымен аяқталды.

Төреші үш рет есеп ашып, үшіншісінде рефери кездесуді тоқтатты. 

Сәкен Бибосынов енді кениялық Каранджа Давид Мачариамен жұдырықтасады.