Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар еліміздің алдында тұрған ғылыми-технологиялық даму саласындағы міндеттерді шешу тәсілдерін әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс атқару туралы шешім қабылдады.
Ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
627
оқылды

4 наурызда Алматы қаласының «Достық үйі» ғимаратында ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына салалық ғылым академиялары мен Қазақстан ғалымдарының кәсіби бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын аша отырып, Ұлттық ғылым академиясының Президенті А. Күрішбаев Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев отандық ғылымды дамыту қажеттігін үнемі атап көрсететіндігін және ел экономикасын жедел дамытудағы рөлін арттыруға бағытталған нақты шаралар қабылдайтындығын атап өтті. Бұған жеке құзырлы мемлекеттік орган - Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесін құру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы етіп қайта ұйымдастыру арқылы Ұлттық ғылым академияның мәртебесін арттыру, сондай-ақ ғылымды қаржыландыру көлемін үш еседен астам ұлғайту нақты дәлел бола алады.

Ол сондай-ақ, Мемлекет басшысының мұндай қолдауы біздің ортақ күш-жігерімізді бір мақсатқа – зерттеу қызметін сапалы қалыптастыруды қамтамасыз етуге, оның тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағыттауға міндеттейтінін қосып айтты.

Дөңгелек үстел барысында барлық қатысушылар еліміздің алдында тұрған ғылыми-технологиялық даму саласындағы міндеттерді шешу тәсілдерін әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс атқару туралы шешім қабылдады.

Қазіргі Академияның өзіндік ерекше миссиясы бар екеніне ерекше назар аударылды: ол ғылымды басқару саласындағы жүйелік олқылықтардың орнын толтыруы керек. Біздің жаңа миссиямыздың негізі – қазақстандық ғылымның дамуына үлес қосқысы келетін және үлес қоса алатын жетекші ғалымдарды бір ортаға шоғырландыру. Біздің пайымымыздағы (видение) ең бастысы – тәуелсіз ұсыныстарды беретін, автономды беделді сараптамалық ғылыми ұйым болуға ұмтылу.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясымен бірлескен қызмет туралы қоғамдық салалық академиялар мен еліміздің ғылыми бірлестіктері арасында екіжақты Меморандумдарға қол қойылды.