Отандасымыз эфиопиялық Ядес Леттамен кездесті.
Махмұд Сабырхан Италиядағы лицензиялық турнирді жеңіспен бастады
Фото: Instagram/boxingkazakhstan
703
оқылды

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

57 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан отандасымыз эфиопиялық Ядес Леттамен кездесіп, оны сенімді түрде жеңді.

Қазақстандық боксшы енді тай боксшысы Саравут Суктхетпен шаршы алаңда жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан бұл боксшымен өткен жылы Азия чемпионатының финалында кездесіп, жеңген.