Мұхаммедсабыр Базарбайұлы турнирдің келесі кезеңіне өттті. Енді ол биыл Парижде (Франция) өтетін Олимпиадаға лицензия алу үшін күресті жалғастырады.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Италиядағы лицензиялық турнирді жеңіспен бастады
Фото: yandex.kz
1,198
оқылды

Италияда өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан боксшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

63,5 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тринидад Тобагодан келген Донелл Филиппен кездесті. Нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Осылайша, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы турнирдің келесі кезеңіне өтті. Енді ол биыл Парижде (Франция) өтетін Олимпиадаға лицензия алу үшін күресті жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, 63,5 келіге дейінгі боксшылар  алдағы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан турнирде жартылай финалға шығуы керек.  Ал финалдық жекпе-жек болмайды.