Бүгін түнгі уақытта тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық боксшы Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: olympic.kz
1,499
оқылды

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италиядағы лицензиялық турнирде үшінші жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз 1/8 финалда уругвайлық Камила Паоло Пинейромен кездесіп, оны айқын басымдықпен жеңді. Боксшымыз екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. 

Римма Волосенко бұған дейін Тринидад және Тобаго және Мажарстан елінен келген боксшыларды жеңген болатын.

Айта кетейік, бүгін түнгі уақытта тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады: Сәкен Бибосынов (51 кг) пен Айбек Оралбай (92 кг).