Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

«Атамекен» ҰКП жанынан Nur Otan-ның бастауыш партия ұйымы құрылды

Рая Мінап
Наурыз 6, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
партия

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымның орталық аппаратының жанынан Nur Otan-ның бастауыш партия ұйымы құрылды.

«Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастауыш партия ұйымын құру жөнінде бастама көтерген партия мүшелерімен кездесті. Оның айтуынша, бастауыш партия ұйымдары «Nur Otan»-ның өзегі және қозғаушы күші болып табылады.

«Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бастауыш партия ұйымдарының рөлі артып отыр. Осынау «бастауыш партия ұйымдары» партияішілік праймериз жүйесі арқылы кандидаттарды Мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсына алады. Оны өткізу ережесінің жобасын күні кеше өткен партия Бюросы мақұлдады. Бұл ішкі партиялық демократияның дамуына жол ашатын ашық және бәсекелі іріктеу болады. Елді өркендетуді қалаған және сол жолда бар күш-жігерін жұмсағысы келетін кез келген азамат «Nur Otan» партиясына мүшелікке өтіп, праймеризге қатыса алады», – деді Бауыржан Байбек.

Партия төрағасының Бірінші орынбасары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттің әлеуметтік серіктесі ретінде соңғы 7 жылда қазақстандық бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және кәсіпкерлік ортаны дамыту бойынша қомақты жұмыс атқарды деп атап көрсетті.

Экологиялық мәселелерді шешу – маңызды жұмыс

Nur Otan әр мектепке кураторларды бекітеді

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

«Өздеріңізге мәлім, бизнес экономикалық дамудың қозғаушы күші және инновацияның негізгі таратушысы ғана емес, сонымен бірге халықты жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік миссияны атқарады. Халықтың орта бөлігінің өзегін құрап, азаматтық қоғамның тірегі болады. Сондықтан «Nur Otan» партиясы әрқашан отандық бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді қуаттап келеді және қолдай да береді. Партиямыздың Доктринасында айтылғандай, өзара жауапкершілік және әріптестік мемлекет пен бизнес қарым-қатынасының маңызды қағидаттары болуы тиіс», – деп атап көрсетті ол.

«Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы, 2013 жылдан бері партия саяси кеңесінің мүшесі болып табылатын Абылай Мырзахметов өз кезегінде «Nur Otan»-ның негізгі құндылықтарын жұртшылыққа жеткізу қажеттігіне назар аударды.

«Еліміздің қол жеткізген барша жетістіктері Елбасымен тікелей байланысты. Ол Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөліп келеді. Партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы әртүрлі заң жобаларын қарау кезінде бизнестің пікірін ескере отырып, кәсіпкерлер палатасымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Бастауыш партия ұйымының құрылуы арқасында «Nur Otan» партиясының қатары толыға түсіп, партиялық тетіктер арқылы жемісті жұмысты ары қарай жалғастыратынымызға сенімдімін», – деді Абылай Мырзахметов.

Қазіргі кезде елімізде «Nur Otan»-ның 4700-дей бастауыш партия ұйымы қызмет етеді. Ол 900 000-нан астам адамды біріктіріп отыр. 1 300-ден астам бастауыш партия ұйымының базасында партияның қоғамдық қабылдауларының жұмысы ұйымдастырылған. Оған тек өткен жылдың өзінде 213 000 азамат жүгінген.

 
ID: 0
Тегтер: АтамекенБайбекпартия
Алдыңғы жаңалық

Шөкеевтің 21 жастағы кеңесшісі Бас прокуратурада танысы жоқ екенін айтты

Келесі жаңалық

Жарты жыл бұрын әжетханаға сұранып кеткен оқушы қыз табылды

Ұқсас жаңалықтар

Индустрия
Nur Otan

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 2021
Ескендір Хасанғалиев
Жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 2021
Сауран
Жаңалықтар

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 2021
вакцина
Жаңалықтар

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 16:52

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 16:42

Сауран ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сәуір 22, 16:39

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 16:23

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Сәуір 22, 16:00

Қазақстанда 18 балалар үйі қалды: бір балаға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?

Сәуір 22, 15:53

Алматыда танымал топтың әншілері қылмыс үстінде ұсталды

Сәуір 22, 15:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Индустрия

Индустрия министрлігі аудит жүргізуі тиіс – Nur Otan жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі

Сәуір 22, 2021
Ескендір Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»