Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Бусто Арсицио қаласында (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз 1/16 финалда кениялық Дэвид Карандж Мачариамен кездесіп, оны төрешілер шешімімен жеңді.
Осылайша Сәкен Бибосынов 1/8 финалға шықты. Енді ол 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін жарысты жалғастырды. Айта кетейік, алдағы Олимпиадаға жолдама алу үшін Бибосынов осы турнирдің жартылай финалына шығуы керек.