JORYQ Республикалық ат спорты федерациясының басшысы Бақытжан Тұрлыбековтің Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің Төтенше және өкілетті елшілерімен кездесу барысында командалардың «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысу мәселесін талқылау одан әрі жалғасып жатыр.
Адай, Қостанай жылқы тұқымдары Қазақстанды емес, әлемді мойындататын кезі келді
501
оқылды

Атап айтқанда, Б.Тұрлыбеков Сауд Арабиясы Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Файсал әл-Қахтанимен, Иран Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукармен, Қырғызстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен, ​​сондай-ақ Өзбекстанның Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен жеке кездесу өткізді.

Кездесулер барысында әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» жобасы туралы сөз қозғалып, 2024 жылы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен алғаш рет халықаралық деңгейде өтетін марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері кеңінен әңгіме болды. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық дипломатиялық өкілдіктер мен ұйымдармен байланыс орнатуда ерекше қолдау көрсетіп отыр.

Б.Тұрлыбеков дипломаттарды өз елдеріндегі ат спорты федерацияларымен тығыз қарым-қатынас орнатуға және «Ұлы дала жорығына» қатысатын командаларды жасақтауға көмектесуге шақырды.

Биыл қазақтың Адай және Қостанай жылқы тұқымдары әлемге әйгілі араб тұлпарларымен, иранның «Сағидар» жылқысымен, «қырғыз» тұқымымен, өзбектің «Қарабайыр» жылқысымен, түрікменнің Ақылтекесімен, моңғол жылқысымен және әлемге әйгілі тағы басқа жылқы тұқымдарымен күші мен төзімділігін сынау мүмкіндігіне ие болмақ.

Өз кезегінде Сауд Арабиясы, Иран, Қырғызстан және Өзбекстан елшілері  JORYQ ат спорты федерациясының барлық бастамаларын қолдауға дайын екенін білдірді.

«Ұлы дала жорығы» – жылқы баласының ең мықты тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.