Бұған дейін Финляндия боксшысы Сэм Мороватиді жеңген еді.
Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов польшалық боксшыны жеңді
Фото: gov.kz
1,162
оқылды

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

71 келіде сынға түсіп жатқан Асланбек Шымбергенов польшалық Дамиан Дуркачпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша, отандасымыз жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, боксшымыз бұған дейін Финляндия боксшысы Сэм Мороватиді жеңген еді.

Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін осы турнирдің жартылай финалына шығуы керек.  Ал финалдық жекпе-жек болмайды.