Төрешілер бірінші раундта жеңісті қазақстандық спортшыға бергенімен, екінші раундта болгариялық боксшыны басым деп таныды.
Лицензиялық турнир: Ұлттық құрама боксшысы жарыстан шығып қалды
Фото: olympic.kz
3,714
оқылды

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер командасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы қарсыласына жол берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

63,5 келі салмақта сынға түскен Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновпен кездескен болатын. 

Төрешілер бірінші раундта жеңісті қазақстандық спортшыға бергенімен, екінші раундта болгариялық боксшыны басым деп таныды. 

Ал үшінші раундта жекпе-жек Росеновтің қабағы жарылғанына байланысты тоқтатылды. Ереже бойынша, сол мезетте алда тұрған боксшы жеңімпаз деп танылады.