Шахматшы Бибісара Асаубаева шахмат фестивалінде жеңіске жетіп, қазақ елін қуантты.
Бибісара Асаубаева шахмат фестивалінде топ жарды
440
оқылды

Бибісара Асаубаева «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында 1-орын алды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Оған қоса, 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы, биыл қатысушылар саны 500-ден асты.