Қазақстандық екі теннисші де жарыс жолын екінші айналымнан бастайды.
Рыбакина мен Бубликтің қарсыласы кім екені белгілі болды
olympic.kz
1,102
оқылды

Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Индиан-Уэллс WTA 1000 додасының былтыр чемпионы, биыл 4-ракеткасы атанған Елена Рыбакина алғашқы кездесуін рейтингіде 84-орындағы аргентиналық Надя Подороскамен өткізеді. Аргентиналық ойыншы бірінші матчында әлемнің 71-ракеткасы Эшлин Крюгерді жарыс жолынан тайдырды. Есеп – 3:6, 6:3, 6:3. 

Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 20-ракеткасы болып тіркелген Бублик екінші айналымда рейтингіде 139-сатыда тұрған, 19 жастағы Цзюньчэн Шанмен бақ сынасып көрмек. Қытайлық теннисші ешкім ойламаған жерден әлемнің 33-ракеткасы, аустралиялық Джордан Томпсонды жеңді. Есеп – 6:2, 6:3.