Махмұд Сабырхан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Aikyn.kz.
57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан боксшы таиландтық спортшы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Саравут Сувкетпен кездесті.
Тартысты жекпе-жек нәтижесі бойынша боксшымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.
«Бұл – баяғыдан келе жатқан қарсыласым. Осымен үшінші рет кездесіп тұрмыз. Бір-бірімізді әбден жаттап алғанбыз. ...Мықты боксшы. Бірінші раундта шаршап қалды. Соны байқағаннан кейін маған темпті көтер деді. Ағайлардың айтқанын істеп, жеңіп шықтым», - деп әсерімен бөлісті боксшы.