28 жастағы отандасымыз Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесті.
Олимпиадалық салмаққа ауысқан Алуа Балқыбекова Италияда сәтті дебют жасады
Фото: Бокс федерациясы
1,227
оқылды

Бокстан Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бокс федерациясының мәліметінше, олимпиадалық салмаққа ауысқан (50 кг) боксшымыз сәтті дебют жасады.

28 жастағы отандасымыз Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 3 раунд бойы айқасты өз бақылауында ұстады. Есеп: 5:0.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова бірінші мәрте Олимпиада жолдамасына таласып жатыр.