Енді жерлесімізді ширек финалдық айқас күтіп тұр.
Лицензиялық турнир: Валентина Хальзова алғашқы қарсыласын жарыстан шығарды
Фото: olympic.kz
718
оқылды

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегін өткізді,  деп хабарлайды  Aikyn.kz.

75 келіде сынға түсіп жатқан боксшымыз 1/8 финалда жастар арасындағы әлем чемпионы, түрік қызы Бусра Исилдармен кездесті. Нәтижесінде, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, 2022 жылы әлем чемпионатында Бусра Исилдар отандасымыз Надежда Рябецті жарыс жолынан шығарған еді. 

Бүгін тәжірибелі Валентина жекпе-жек басталған сәттен тізгінді қолына алып, қарсыласын аса жақындатпады. Ал өзінің соққыларын дөп тигізумен болды. Енді жерлесімізді ширек финалдық айқас күтіп тұр. Жеңген жағдайда Олимпиада лицензиясын алады.