Алуа Балқыбекова Италияда өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
50 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшымыз, әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері 1\8 финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Джухюнг Чонмен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша, Алуа 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Ертең отандасымызды ширек финалдық жекпе-жек күтіп тұр.
28 жастағы боксшымыз бұған дейін Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 3 раунд бойы айқасты өз бақылауында ұстап, жеңіске жеткен болатын.