Енді ертең Сәкен ширек финалда ұлыбританиялық Киран Макдональдпен Париж жолдамасына таласады.
Лицензиялық турнир: Сәкен Бибосынов Бахрейн атынан шыққан қазақ боксшымен жұдырықтасты
Фото: Бокс федерациясы
3,099
оқылды

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отандасымыз 1/8 финалда Бахрейн елінің атынан шыққан қазақ боксшы Азат Махметовпен кездесті. 51 келі салмақ дәрежесінде өткен қазақ боксшыларының жекпе-жегі тартысты өтті. 

Екеуі де шаршы алаңдағы шайқаста барын салды. Үш раунд қорытындысы бойынша Сәкен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ертең Сәкен ширек финалда ұлыбританиялық Киран Макдональдпен Париж жолдамасына таласады.