80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз нейтрал атлет Алексей Алферовпен кездесті.
Лицензиялық турнир: Нұрбек Оралбай ширек финалға шықты
Фото: Olympic.kz
1,157
оқылды

Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай Бусто-Арсициодағы (Италия) Олимпиадаға іріктеу жарысының ширек финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз нейтрал атлет Алексей Алферовпен кездесті. Бірінші раундта қарсыласына жол бергенмен, кейінгі екі раундта басым түсті. Есеп – 3:2. 

Осылайша, Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды.