Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.
Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов түрікменстандық жас боксшыны жарыстан шығарды
Фото: olympic.kz
3,973
оқылды

Бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан іріктеу турнирінде ширек финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

71 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан боксшымыз бұл жолы түрікменстандық жас боксшы Байрамдұрды Нұрмұхамедовпен жұдырықтасты. 

Тартысты жекпе-жектің бірінші раундында Асланбек Шымбергенов алға шыққанымен, екінші раундта түрікмен боксшысы ширақ қимылдап, 3:2 есебімен басым түсті. 

Алайда шешуші сәтте отандасымыз намысты қолдан бермей, барын салды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақ боксшысына берді.