Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай биыл Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айбек Оралбай (92 келі) бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің ширек финалында америкалық боксшы Джамар Таллимен жұдырықтасты.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте Айбек Оралбай қарсыласын сенімді түрде жеңді. Есеп: 5:0. Осылайша қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасына жолдама алды.
Айта кетейік, Айбек Оралбай лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде үндістандық Санжит Санжитті жеңсе, одан кейін Юнг Ха Ныльден (Оңтүстік Корея) басым түсті. 1/8 финалда Кастилло Торресті жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.