Хальзова ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездесті.
Валентина Хальзова Париж Олимпиадасына бармайтын болды
Фото: olympic.kz
706
оқылды

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Бусто-Арсициодағы (Италия) іріктеу турнирінде қарсыласына есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Хальзова ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Жекпе-жек бойына тізгін бермеген Синди үшінші раундта қазақстандық боксшыны бірнеше рет нокдаунға жіберіп, кездесу тоқтатылды.

Осылайша, Валентина Хальзова Париж Олимпиадасы жолдамасына қол жеткізе алмады.

Әйелдер арасында жолдамаға Алуа Балқыбекова ғана таласады.