Тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен неміс боксшысы жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасындағы қыздарға Олимпиада жолдамасы бұйырмады
Фото: Бокс федерациясы
834
оқылды

Бокстан Брусто-Арсициода өтіп жатқан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде тағы бір қазақстандық боксшы қарсыласқа есе жіберіп, жолдамасыз қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова ширек финалда германиялық Карина Макси Клецермен кездескен  болатын. 

Тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен неміс боксшысы жеңіске жетті. 

Осылайша, бокстан Қазақстан әйелдер командасы Италиядағы іріктеу турнирінде жолдамасыз қалды.