Қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама иеленді.
Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасына жолдама алды
Фото: olympic.kz
1,044
оқылды

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ширек финалда  Асланбек әзербайжандық Сархан Алиевті жеңді. Есеп - 5:0.

Төрешілер Шымбергеновтің басымдығын мойындап, қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама иеленді. 

"Кеше ұйқы дұрыс болмай, рингке мазасызданып шығып едім. Бүгін бәрі ойдағыдай болып, тактиканы дұрыс құрып, еліме Олимпиада жолдамасын сыйлағаныма қуаныштымын" - деді боксшы.