Олимпиада алдында лицензиялар берілетін тағы бір іріктеу турнирі – 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Бангкок қаласында (Таиланд) өтеді.
Қазақстаннан Париж Олимпиадасына қанша боксшы лицензия алды?
Фото: olympic.kz
1,607
оқылды

Қазақстан боксшылары 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жеті лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бусто Арсицио (Италия) қаласында өткен лицензиялық олимпиадалық турнирдің қорытындысы бойынша алдағы Олимпиадаға жолдама алғандар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі). Өткен жылы Жазғы Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) пен Карина Ибрагимова (57 келі) Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Олимпиада алдында лицензиялар берілетін тағы бір іріктеу турнирі – 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Бангкок қаласында (Таиланд) өтеді.