Ерекше сый – пәтер кілті
Ерекше сый – пәтер кілті
306
оқылды
Мереке қарсаңында әйелдер қауымына сыйлық жасау – оларға деген құрмет. Ал сол уақытта пәтер кілті табысталса – бақыт. Дәл осындай қуанышқа Ақ­мола облысында көпбалалы от­басылар 8 наурыз – Ха­лықаралық әйелдер күні қар­саңында ке­нелді. Яғни, Шор­танды кентінде жаңадан са­лынған төрт қабатты тұрғын үйден 36 пәтер көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілді. Пәтер кілтін аудан әкімі Ғайдар Қасенов тапсырып, қуа­ныштарымен құттықтады. Ағым­дағы жылы Шортанды ау­данында халықтың әлеуметтік осал тобын тұрғын үймен қам­тамасыз ету және ауданда осы санаттағы азаматтардың тұрғын үй мәсе­лесін кезең-кезеңімен шешу жоспарланған. Ал Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мерекеге орай бір топ ақмолалық көпба­лалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» та­быс етті. «Хал­қымызда «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербе­теді» деген аталы сөз бар. Ра­сында, адамзат өмірінің ірге­тасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қашанда тіршіліктің шы­райы, отбасының шырағы. Сондықтан да асыл аналары­мыз бен қарындастарымыздың орны ерекше», – деді Ермек Маржық­паев құттықтау сөзінде. Сонымен қатар аймақ басшысы Көкше­таудағы қарттар мен мүгедектер үйіндегі аналарды, «Көкшетау сүт зауыты» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі­нің әйелдер ұжымын және Сарыарқа шағынауданындағы №2 мамандан­ды­рылған өрт сөндіру бөлімінде облыстық ТЖД мен ПД қызмет істеп жүрген қыз-келіншектерді көк­темнің шуақты мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Бұдан бөлек, Көкшетау қала­сын­дағы Васильковка шағын­ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Мазурованы да құттықтады.   Әділ БЕК