Ардақты аналар! Аяулы арулар!
Ардақты аналар! Аяулы арулар!
347
оқылды
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы – әрдайым отба­сы­ның ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуа­нышты әрі жарқын сәттердің көп бо­луына сіздер мол үлес қосып келесіздер. Ел басына күн туғанда асыл анала­ры­мыз бен аяулы аруларымыз қиын­дыққа мойы­май, ұлт тағдырына ара­ласты. Еселі еңбе­гімен және ерен ер­­лігімен танылған әйелдердің есімі тарих жылнамасына мәң­гілікке жазы­лып, жадымызда жат­та­лады. Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Отбасы институтын, көпбалалы ана­ларды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы. Сіздердің шығармашылық және кә­сіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін бар­лық жағдай жасалуда. Ал­дағы уа­қытта талантты да талапты әйел­дер қо­ғамдық-саяси өмірдің түрлі сала­сында зор жетістікке жететініне сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы 7 наурыз 2020 ж.