Сауд Арабиясының өкілі Әли Мабрук әл-Мабруктан басым түсті.
Ұлттық құрамадағы ең жас таэквондошы Париж Олимпиадасына жолдама алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
552
оқылды

Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлттық құрамадағы ең жас таэквондошы шешуші айқаста Сауд Арабиясының өкілі Әли Мабрук әл-Мабруктан басым түсті. Есеп: 2-0.

Сәл ертеректе Батырхан алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен ұтып, ширек финалдан сүрінбей өткен.

Бұл таэквондодан Ұлттық құраманың Париждегі ойындарға алғашқы жолдамасы. 80 келіге дейінгі салмақтағы екінші жолдаманы өзбекстандық Жасурбек Жайсунов алды.

Енді ертең Мария Севостьянова (57 келі), Самирхон Абабакиров (58 келі), Жансель Дениз (+67 келі) өнер көрсетеді.